Білім

Ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан мамандық

Екатерина Ибраеваның өзі де мұғалім, әжесі де мұғалім болған екен.
12 жылдық еңбек өтілі бар педагог “Дарын” мектеп-лицейінде бастауыш сыныпқа сабақ береді. Ұстаз болу – балалық кезде бастау алған арман екен. Өйткені, білім нәрімен сусындатқан алғаш жан – туған әжесі. Екатерина Валерьевна бұл – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан асыл кәсіп дейді. Әулет мүшелерінің ұстаздық жолын қосса барлығы – 647 жылды құрайды екен. Нәзікжандының айтуынша,
мұғалім ретінде құр сабақты ғана түсіндіріп қоймай, ұстаз, қолдаушы, әрі психолог ретінде балаға жақын болу керек дейді.

ЕКАТЕРИНА ИБРАЕВА, “Дарын” мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі:

– Менің әжем Екатерина Федоровна бастауыш сынып мұғалімі болған. Ол кісінің 5 баласы да осы жолды таңдады. Ата-анам да педагогтар. Екеуінің еңбек өтілін қосса 43 жылды құрайды.

 

Гульден Симбаева