Қоғам

Қазанның соңында қар жауады – синоптиктер

Күз мезгілінің екінші айы қыңыр мінезін көрсетпек. Синоптиктердің айтуынша бірінші онкүндіктің ортасында ауа температурасы түнде 3-8, ал кей жерлерде минусқа дейін төмендемек. Күндіз сынап бағанасы +15-20 градусты көрсетеді. Қазанның 10-ына қарай күн кәдімгідей суытады. Екінші онкүндікте ауа температурасы +5-10 градус шамасында болады. Қазанның үшінші онкүндігінде ауа температурасы түнде -15, күндіз -12-ге дейін төмендейді. Кей жерлерде жауын-шашын түсіп, көлемі нормадан көп болады дейді синоптиктер.

ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, “Қазгидромет” РМК СҚО бойынша филиалының бөлім басшысы:

– Үшінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылы. Онкүндіктің ортасында ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, күндіз 5-10 градус жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.

Бұл айды тіпті бозқырау деп те атайды. Дәл осы мезгілде құстар жылы жаққа ұшады. Күн салқын тартып, жерге бозқырау түседі. Мамандардың айтуынша қараша айына жақындай бергенде жер көктайғақ болады. Сондай-ақ, айдың соңында қар жауады деп болжануда. Тарихқа тоқтала кетсек, 1940-шы жылы 31-ші қазанда ауа температурасы -25 те 6 градус болыпты. Ал осыдан 5 жыл бұрын дәл осы айда сынап бағанасы 26 градус жылыны көрсеткен екен.

 

Гульден Симбаева