Қоғам

Зауытта Жолдау талқыланды

С.М.Киров атындағы зауытта Президент Жолдауы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде экономиканың өсуінде өнеркәсіп саласының алар орны айрықша екендігін атап өтті. Мемлекет басшысы отандық өндірісті қолдаудың бірқатар шараларын жариялады.

ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Президент шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті несиелендіруге баса назар аударды. Еуропа елдерін алатын болсақ, олардың кәсіпорындарының 100 пайызы банктерден несие алады. Пайыздық мөлшерлеме де үлкен емес. Ал біздегі өнеркәсіп кәсіпорындарының 8 пайызы ғана банк есебінен несиелендіріледі.

Президент қазіргі кезеңде еліміздің қуатты индустриялық негізін қалыптастырып, экономикалық өзін-өзі қамтамасыз ету аса маңызды екенін атап өтті. Сондықтан, қайта өңдеу саласын да жедел дамытуға басты назар аудару керек. Бұл бағытта шикізатты жеткілікті мөлшерде және тиісті бағамен алу маңызды. Өз сөзінде Мемлекет басшысы банктердің қызмет бағытының ауысқандығын айтты. Қазір қаржы ұйымдарына ағайын кредит алу үшін ғана жүгінеді. Берешекті өтеу үшін азаматтар айлық табысын жұмсауда.

ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Қазір қазақстандықтардың мойнында 7 трлн 700 млн теңге берешегі бар. Қарыз болмау үшін өнеркәсіп жоғары деңгейде болуы керек. Әрбір адамда жұмыс болу керек. Осының барлығы да Президент Жолдауында қарастырылған. Президентіміз бұл тапсырмалар 3 жыл мерзімде орныдалады деп айтты. Біз соған сенеміз. Қазақстанның болашағы жарқын деп ойлаймын.

Президент өз Жолдауында банктерді корпоративтік несиелеуге белсенді қатысуға және кәсіпкерлерге көмектесуге шақыру керектігін атап өтті. Кәсіпкерлікті несиелендіру банк қызметінің басқа бағыттарымен салыстырғанда қолайлы болуы тиіс.

 

Алдияр Айтпаев