МТРА жаңалықтары

Кондитерлерге арналған оқыту курсы мәресіне жетті

Облыстық кәсіпкерлер палатасында аспаз қыз-келіншектер арасында өткен «Ұн-кондитерлік өнімдерін өндіру» атты курсы аяқталды. 1 апта көлемінде өткен шараға 11 адам қатысты. Оларға білікті аспаздар сабақ берді. Курс қатысушыларына бүгін сертификаттар табыс етілді. Рысхан Сәрсекеева мұндай оқытуға алғаш рет қатысқан екен. 4 баланың анасы алдағы уақытта кондитерлік дүкен ашқысы келеді.

РЫСХАН СӘРСЕКЕЕВА, Бескөл ауылының тұрғыны, Қызылжар ауданы:

– Курс өте қатты ұнады. Торт, неше түрлі бәліш дайындадық. Курсқа дәмді тамақтарды дайындау үшін қатыстым. Алдағы уақытта кондитерлік дүкен ашамын деген ойдамын.

ӘСЕЛ САМАРАТОВА, СҚО кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы:

– Курсты оқып шыққаннан кейін өз жеке кәсібін ашуға болады. Кез келген әйел адам бізге келіп, өтініш қалдырып, оқудан өтеді. Басқа жобалар бойынша жыл басынан бастап, 100 адам оқудан өтіп шықты. Олардың ішінде өз ісін бастап отырған және өз кәсібін ашқан адамдар да бар. Олар кез келген уақытта бізге келіп, кеңес ала алды.

 

Гульден Симбаева