Қоғам

Жалғызбасты зейнеткерлерге көмек көрсетілуде

Өңіріміздегі жалғызбасты зейнеткерлерге көмек көрсетілуде. Қаладағы еріктілер жасы келген, қиын-қыстауда қалған қарт жандарға қол ұшын созып жатыр. Бүгін 85 жастағы Нина Вершинананың ауласындағы бұтақтар кесіліп, үй іші жиналды.

НИНА ВЕРШИНИНА, қала тұрғыны:

– Бұл үйге 79-жылы көшіп келдім. 2 жыл бұрын қызым дүние салды. Екінші қызым Түменде тұрады. Қазір мұнда жақындарымнан ешкім жоқ. Бірақ, мына балалар екі апта сайын келіп көмектесіп тұрады. Дәрі-дәрмектерімді алып келеді. Бұл өмірде мейірімді жандар бар екеніне көзім жетті.

Жалғыздықтың ащы дәмін татқан қарияның бірі – Галина Малыгина. Зейнеткер ерікті ұл-қыздардың жұмысына дән риза. Жуырда ғана қарт кісінің үйінің есігі ауыстырылған.

ГАЛИНА МАЛЫГИНА, қала тұрғыны:

– Менің балам да, күйеуім де жоқ. Денсаулығымның сыр бергеніне көп болды. Тіпті, өзіме тамақ жасай алмайтын уақыттар болады. Еріктілер келіп үйімнің ішін де, сыртын да ретке келтіріп береді. Егілген гүлдеріме де қарайды.

Жалпы, бұл игі бастаманың арқасында 70-ке жуық зейнеткерге жәрдем беріліпті. Бұл жұмыс қазан айының 1-і күні мәресіне жетеді.