Қоғам

Ұлттық ұлан академиясында “Үздік жыл оқытушысы” байқауы өтті

Өзі ісінің шеберлеріне құрмет көрсетілді. Ұстаздар күні қарсаңында ҚР Ұлттық ұлан академиясында “Үздік жыл оқытушысы” байқауы өтті. Биыл сайысқа 10 маман қатысыпты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Ақан сері атындағы облыстық филармонияда арнайы ұйымдастырлған шарада марапатталды. Арнайы комиссия аталған атаққа әскери педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Қуандық Малдыбаевты лайықты деп тапты. Жеңімпазға грамота мен ақшалай сыйлық берілді. Сондай-ақ, академия бастығының бұйрығымен диплом және «Үздік жылдың оқытушысы» ауыспалы мүсіні табысталды. Айта кету керек, биыл ЖОО оқытушылары түрлі номинация бойынша марапатталды. Мамандарға «Үздік оқытушы-тәлімгер», «Үздік әдіскер», «Үздік оқытушы-зерттеуші», «Үздік оқытушы-қоғам қайраткері» аталымдары бойынша дипломдар мен сыйлықтар берілді.

 

Алдияр Айтпаев