Құқық қорғау органдары

СҚО-да биыл 600-ден астам мас жүргізуші ұсталды

Облыста «Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Қазір автопатрульдер мен полиция жасақтары жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзушылықтарын анықтауда. Іс-шараның бірінші күні өңір жолдарында 340-тан астам бұзушылық тіркелді. Көлікті мас күйде басқарған 6 жүргізуші ұсталды. Көлік басқару құқығынан айырылса да рөлге қайтадан отырған 3 адам жауапқа тартылды. Сондай-ақ, қауіпсіздік белдігін пайдаланбаудың – 33, көлік басқарып келе жатып телефон пайдаланудың 26 фактісі тіркелді. Жылдамдық асырғаны үшін – 28, жолдың қарсы бөлігіне шығып жүргені үшін 1 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Жалпы, жыл басынан бері облыста көлікті мас күйде басқарған 600-ден астам жүргізуші ұсталды.

 

Алдияр Айтпаев