Соңғы уақытта Петропавлда жаңбырдан кейін қаулаған саңырауқұлақ құсап самокаттар қаптап кетті. Оны ермек көргендер жолға шыққанда жауапкершілікті ұмытып жатады. Облыс орталығында соңғы уақытта осы самокатшылардың қатысуымен 2 оқиға болған. Біріншісінде өзі көлік астына түссе, екінші жағдайда қарт әйелді қағып өткен.
– Также я вам скажу, что незнание закона не освобождает от ответственности. Везде уведомления – в тик-токе, в инстаграме, везде оповещали.
Бір айта кететіні, баласының жүріс-түрісін, анығын айтқанда, самокатқа қалай мінгенін, қалай жүргенін бақыламаған ата-ана жауапкершілікке тартылады.
Биыл тамыз айында самокатты пайдалануды реттейтін заңнамаға өзгеріс енгізілді. Содан бастап рейдтік іс-шаралар күшейтілді. Тәртіп сақшыларының айтуынша самокатшылар жолаушы мінгестіріп алады немесе жаяу жүргіншілер өткелімен өте салады.
– Проезжую часть, пешеходный переход – вы должны вести рядом, не на нём. Рядом перевели, поставили, поехали дальше. – Всё, хорошо.
Электрлі самокатпен жолмен жүрсеңіз кез келген санаттағы жүргізуші куәлігіңіз болуы қажет. Егер бір бағыттағы жолда екі жүру жолағы болса, сол жаққа бұрылуға болмайды. Ал тротуарда жаяуларға кедергі келтірмеу керек.
Әсемгүл Әлібаева, СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:
– Жолаушы немесе жүк тасымалдағаны үшін не болмаса жолдың жүріс бөлігінде самокатты шлемсіз басқаратын жағдайда Әкімшілік кодекстің 593-бабы бойынша 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Сонымен қатар, 16 жасқа толмаған тұлға жолдың жүріс бөлігінде жүретін болса, онда бұл тұлға тұрғылықты мекенжайына жеткізіліп, оның ата-анасына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы бойынша 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Самокатшылардың жүріс-тұрысы – тәртіп сақшыларының жіті назарында. Бұған немқұрайлықпен қараймын деп айыппұл арқалап алмаңыз.