Қазақстан жаңалықтары

Мемлекеттік кеңесші Еран Карин президенттік реформалардың логикасы туралы айтты

“Мемлекет басшысының президенттігі басталғаннан бергі стратегиялық бағыты ел өмірінің барлық салаларын өзгертуге бағытталған. Саяси реформаларға қатысты,мұнда өте терең және тұрақты өзгерістер болды. Билік тармақтары арасындағы оңтайлы тепе-теңдікпен мемлекеттік-саяси құрылымның мүлдем жаңа моделі қалыптасты. Сонымен қатар, үлкен экономикалық реформалар жүзеге асырылуда. Өздеріңіз білетіндей, Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жуырдағы Жолдауында жаңа экономикалық модельге көшу туралы жариялады.

Бұл ретте Мемлекет басшысы кез келген саяси және экономикалық реформалар ұлттың жаңа сапасын қалыптастырмай тиісті нәтиже бермейтініне ұдайы назар аударады. Яғни, біздің менталитетімізге, әдеттерімізге, мінез-құлық мәдениетімізге түбегейлі өзгерістер қажет. Бұл туралы Президент Түркістандағы ұлттық құрылтайдың екінші отырысында айтты. Осылайша, біз көріп отырғанымыздай, саясаттағы, экономикадағы, идеологиядағы президенттік реформалардың логикасы олардың синхрондылығы мен өзара байланысы болып табылады.

Жалпы, президенттік курстың барлық бағыттары бірге елді жаңғыртудың бірыңғай бағдарламасын құрайды”, – деді Мемлекеттік кеңесші.