Қазақстан жаңалықтары

ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Ерболат Сейлеханов Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға сапары туралы айтты

Оның пікірінше, Берлин елді Орталық Азиядағы басты серіктес  ретінде қарастырады.

“Германия – Қазақстанның Еуроодақтағы негізгі стратегиялық серіктесі. Бұған, мысалы, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы елге сапарларының жиілігі дәлел бола алады. Мемлекет басшысы Германияға 4 жылда үшінші рет келіп отыр. Осы жылдың маусым айында Германияның Федералды Президенті Қазақстанға өкілді делегациямен келді. Қазақстан мен Германия арасындағы қарым-қатынастар мемлекетаралық байланыстардың барлық салаларында жоғары серпінді даму динамикасына ие екенін атап өтемін”, – деп атап өтті сарапшы.