Мәдениет

“Бескөл нұры” халықтық ардагерлер хорына – 20 жыл

Бұл – “Бескөл нұры” ардагерлер хорының өнерпаздары. Құрылғанына 20 жылдан асқан ұжымға 40-тан астам зейнеткер мүшелік етеді. Роза Ахметова хордың бастауынан бері осында. Жасы 80-жақындаған өнерлі жан кезінде хорға жұбайымен бірге келген екен.

РОЗА АХМЕТОВА, “Бескөл нұры” халықтық ардагерлер хорының мүшесі:

– 2011 жылы осында үлкен кісілерді жинадық, содан бері өлең айтып келе жатырмыз. Сол кезде бірден 22 адам осы ұжымда өнер көрсете бастады. Сол кездегі адамдар әлі күнге дейін осында. Бірақ, кейбір ақсақалдар қайтыс болып кетті. Қазір араларында бір отбасыдан келіп өнер көрсететіндер бар. Мен де солай күйеуіммен келетінмін. Өкінішке орай, жұбайым қайтып кетті.

Бүгін қазақтың қариялары баян аспабының үніне “Ақбидай” мен “Салдәурен” туындысын орындады. Ән айтқанды жаны сүйетін Сапуан Жиентаев – Шал ақын ауданындағы Жаңажол ауылының тумасы. Жетпістің үшіне аяқ басқан ақсақал жалпы хор ұлттық ерекшелігімізді жоғалтып алмауға септігін тигізеді дейді.

САПУАН ЖИЕНТАЕВ, “Бескөл нұры” халықтық ардагерлер хорының мүшесі:

– Жалпы, елімізде әсіресе біздің өңірде қазақ хорлары өте аз. Біздің негізгі рухниятымыз – ән мен күй ғой. Сондықтан, жырымыз бен күйіміз жоғалып қалмасын деген ниетте осы салаға ат салысып жатқан жағдайымыз бар. Кейінгі жастарға үлгі болар деген де ниетіміз бар. Қазақ деген өзі ән құмар халық қой. Қайда жүрсекте ыңылдап өлең айтып жүреміз. Бұрындары “Көркем өнерпаздар” деген үйірме болған. Соған қатысып жүрдім.
2:01 Халқымызда айтыс өнері, ән-күй, жыраулық өнері бар. Осы кенжелеп қалған хор өнерінің дамуына ат салысайық деп үлкен буындар жиналып, хорды құрған болатынбыз.

Қазіргі таңда хордың қоржынында 300-ге тарта туынды бар. Мүшелері аптасына 2 рет мәдениет үйінде дайындықтарын пысықтайды.

ЮРИЙ ЗАЙБЕРТ, “Бескөл нұры” халықтық ардагерлер хорының жетекшісі:

– Біз үнемі репертуарымызды жаңартып отырамыз. Ескілерін есімізге түсіріп, қайталаймыз. Мұндағы жандардың өз отбасылары бар. Дегенмен, барлығы өнерді сыйлайтындықтан ба жауапкершілік танытып, дайындықтан қалмайды. Өз ұсыныстарын да білдіріп жатады.

Ұжым бір орында тоқтап қалған емес. Қаланың ішінде немесе алыс-жақын елді мекендерге гастрөлдік сапармен барып тұрады.