Спорт

Петропавлда жаппай жүгіру өтті

Бүгін спортты жанына серік еткен жастан бастап еңкейген кәріге дейін стадионға жиналды. 200-ге жуық қала тұрғыны Еңбек күніне орай 1000 метрге жуық шақырымды айнала жүгірмекші. Бауыржан Құлжанов дәстүрге айналған бұл шараға жыл сайын қатысады.

БАУЫРЖАН ҚҰЛЖАНОВ, СҚО бойынша қазақ күресі федерациясының вице-президенті:

– Бүгін қаламыздағы барлық спортшылар жиналып жатыр. Араларында жастар да, ардагер спортшылар мен бапкерлер кездесіп отыр. Бұл шараның маңызы зор – жас буынға үлгі көрсету.

Жүгіруге жиналған қатысушылар қаз-қатар тізіліп тұр. Шараның шымылдығы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелеховтың сөз сөйлеуімен ашылды.

СЕРГЕЙ МЕЛЕХОВ, СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

– Облыс халқының 40%-ы спортпен айналысады. Бұл аталған сан көбеймесе азаяды деп ойламаймын. Қазіргі таңда өңір халқына салауатты өмір салтын ұстану үшін барлық жағдай жасалған. Спорт кешендеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңалары да бой көтеріп жатыр.

Жиналған қауым жүгіруді бастамас бұрын барлығы бір адамдай жиналып Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарындағы қазақстандықтарға жалынды сөздерін айтып, қолдау білдірді.

Көпшіліктің арасынан топ жарып, алғашқы болып келген – Сұлтан Дүйсенбаев. Өзі 4 жыл бойы “Қызылжар” жастар командасында ойнаған. Жалпы, спортпен ес білгелі айналысамын дейді.

СҰЛТАН ДҮЙСЕМБАЕВ:

– Спортпен бала кезімнен айналысамын. Бүгінгі жүгіру мен үшін жай ғана жаттығу сияқты. Дегенмен, көпшілікпен жүгіру басқаша әсер етеді. Азия ойындарындағы барша қазақстандықтарға сәттілік тілеймін.

Бүгінгі шара қатысушыларының ең жасы 17 де болса, ең үлкені 80-де.