Кезекті өрт-тактикалық оқу-жаттығу жиыны. Бұл жолы шара Қызылжар орман шаруашылығында “Орман 2023” атауымен өтті. Өрт сөндірушілер күннің күрт ысуынан, желдің ұйытқуынан тұтанып, күшейген тілсіз жаумен күресті.
Оқу-жаттығу шарасы болғанымен, барлығы шынайы. Кәдімгі өрт қойылды. Қою түтіннің арасында құтқарушылар жүгіріп жүр. Орман өртінің аумағы үлкен болғандықтан, өрт сол маңайдағы тұрғын үйлерге тарайды. Өртті сөндіруге 1 арнайы техника мен жеке құрамның 7 адамы жіберілді.
Шараның соңында эвакуцияланған тұрғындарды Озерная орта мектебіне әкеліп, дәрігерлердің қатысуымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
АХМЕТХАН ТОБЫЛБАЕВ, Қызылжар ауданы әкімдігінің жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау жөніндегі бас инспекторы:
– Қабылдау-эвакуациялау орталығы бір уақытта 400 адамға дейін қабылдай алады. Оларды азық-түлік және тұратын жермен қамту жағдайы қарастырылған.
Жалпы, жыл басынан бері өңірімізде 26 орман өрті орын алған. Ал оқу-жаттығу жиынының саны 22-ні құрайды.