ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен “Израиль-Қазақстан” Сауда-Өнеркәсіп палатасының төрағасы Михаэль Роэ кездесу өткізді, оның барысында суару тиімділігін арттыру, суды үнемдеу, тамшылатып суарудың заманауи технологияларын енгізу, аграрлық ғылымды дамыту, сондай-ақ мал шаруашылығында, сүт өндіруде және құс шаруашылығында жаңа тәсілдерді қолдану мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды.
Премьер-министр Израильмен ынтымақтастықтың маңыздылығын және Қазақстанның агроөнеркәсіптік секторын нығайту үшін израильдік технологияларды тартуға дайындығын атап өтті. Михаэль Роэ Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі әлеуетіне сенім білдіріп, израильдік агротехнологияларды қолдану мен су ресурстарын басқаруда кешенді қолдау көрсетуді ұсынды. Кездесу нәтижесінде аталған бағыттар бойынша бірлескен жұмыс және тәжірибе алмасу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Сондай-ақ, әңгімеге ирригация және су ресурстары министрі Нұржан Нұржігітов пен ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қатысты.