Қоғам

Бірыңғай есеп беру күні

Облыстық әкімдікте бірыңғай есеп беру күні өтті. Жиын барысында бақылау және қадағалау органдарының өкілдері кәсіпкерлерге атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтып берді. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Рүстем Құрманов ашты.

РҮСТЕМ ҚҰРМАНОВ, СҚО әкімінің орынбасары:

– Жыл басынан бері 1027 бұйрықтық тексеру актісі тіркелсе, оның 495-і жеке кәсіпкерлік қызметінде. Жалпы, тіркелген кәсіпкерлердің үлесі 42 пайызды құрайды. Тексеру түрлері бойынша 12-сі талаптарға сай, 404-і жоспардан тыс, 19-ы – басқа тексерулер.

Өңіріміздің әр ауданында кәсіпкерлерді қолдауға арналған мобильді топ жұмыс істейді, оларға кәсіпкерлер жүгінеді. Биыл кәсіпкерлерден құқықтарының бұзылуы туралы 71 хабарлама түскен. Бұл туралы облыс прокурорының бірінші орынбасары Абу-Әли Саттар өз баяндамасында айтты.

АБУ-ӘЛИ САТТАР, СҚО прокурорының бірінші орынбасары:

– Жуырда бізге бір кәсіпкер полицияның заңсыз тексеру жүргізіп жатқаны туралы хабарласты. Полицияның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл факті сотта қаралғанын анықтадық. Биыл прокурорлар барлығы – 2 мың кәсіпкердің құқығын қорғады. 14 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылып, 186 қадағалау актісі енгізіліп, 3 заңсыз тексеру тоқтатылды.

 

Гульден Симбаева