Экология

Жеңіс саябағы күл-қоқыстан тазартылды

Жеңіс саябағындағы экомарафон. Бұл жерде сағат 15:30-дан бастап ұл-қыздар қолдарына қолғап киіп, қап ұстап жүгіріп жүр. 4 адамнан тұратын топ мүшелерінің 40 минут уақыты бар. Бекежан Қайырнасов – жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің жастар істер жөніндегі инспекторы. Басталғанына 10 минут қана өтсе де тепсе темір үзер біршама қоқыс жинап үлгеріпті.

БЕКЕЖАН ҚАЙЫРНАСОВ, жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің жастар ісі жөніндегі инспекторы:

– Бұл іс-шараның мақсаты – жастарды экологиялық тәрбиеге, тазалыққа, бірін-бірі сыйлауға үйрету. Осы марафон сайыс түрінде өткізіліп жатыр. Өте қызықты. Балалар көздері жанып, белсене ат салысуда.

Бекежан Қайырнасов бүгінгі экомарафонға колледжден 10 шақты студентті ерте келіпті. Олар да өз бағыттары бойынша жүгіріп, қоқыс жинауда.

ЕКАТЕРИНА КОНДРАШИНА -жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің 1-ші курс студенті:

– Мен табиғатымызды қоқыстан тазалап, өз үлесімді қосып жатқаныма өте қуаныштымын. Мұндай шаралаға қатысқанды жөн көремін.

Табиғат жанашырлары саябақтан жиналған қоқыстың барлығын ортаға қарай үйе бастады. Жиналған қалдық полигонға жеткізіледі.