Прокурорлар қала аумағында орналасқан түзету мекемелерінде қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құрамымен кездесу өткізді. Қадағалау органының өкілдері заңға жазасын өтеушілердің құқығын қорғау, азаптауға қарсы әрекеттер бойынша енгізілген өзгерістерді түсіндірді.
МҰРАТ ҚОЖАМҚҰЛОВ, СҚО прокурорының орынбасары:
Біз мекеме қызметкерлері тарапынан құқыққа қарсы әрекет жасаудың алдын алғымыз келеді. Біз әр қызметкерге азаптауға, адамгершілікке жатпайтын қарым-қатынастарға және басқа да қатыгездік әрекеттерге жол бермеу туралы түсіндірдік. Сотталғандарға қатысты қандай да бір заңсыз әрекеттер үшін қандай жауапкершілік қарастырылғандығы түсіндірілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірдегі осындай жабық мекемелерде жаппай бейнебақылау жүргізіледі. Жүйе онлайн режимде прокуратураға қосылған. Мекеме қызметкерлері де бейнетіркегішпен қамтылған. Прокурорлардың айтуынша, аталған шаралар сотталғандардан түсетін шағымдардың азаюына ықпал етеді. Облыста биыл осындай нысандарда ұсақ азаптау фактілері тіркелген жоқ. 2023 жылдың қаңтарында азаптаулар бойынша тергеуді жүргізу заңмен прокуратура органдарына бекітілген. Аталған санаттағы істер бойынша қадамдық алгоритм әзірленген.