Мектепке террорист кіріп келді. Күзетші бірден дабыл қосты. Оны естіген
мектеп басшылығы дереу полицияға хабарласты. Сондай-ақ, дабыл қосылғаннан кейін күзет қызметінің қызметкерлері де 6-8 минутың ішінде жетуі керек. Мұғалімдер сыныптың есігін құлыптап, оқушылармен бірге құтқарғанша дейін сонда отырады. 3 минутта келген мамандар қылмыскерді ұстап алды. Бұл – мектептегі терроризмге қарсы оқу-жаттығу жиынының сценариі.
Облыс мектептерінде лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар жылына кемінде 4 рет ұйымдастырылады. Мұндай шара бүгін қалалық №10 орта мектебінде өткізілді.
ИРИНА ЕЛЬЦЕВА, Н.К. Крупская атындағы №10 орта мектебінің директоры:
– Біздің балалар қандай да бір оқиға болған жағдайда не істеу керектігін біледі. Ол туралы мұғалімдер сынып сағаттарында айтып отырады. Әр сынып дабылқаққышпен жабдықталған. Мектепте ждел басқару орталығына қосылған 62 бейнебақылау камерасы бар. Кіреберісте 5 дабыл түймесі мен турникет орнатылған.
Облыста 600-ден астам білім беру мекемесі бар. Соның ішінде 355-і террористік тұрғыдан осал нысандардың қатарына кіреді.
ҚАНАТ СӘДУАҚАСОВ, облыстық спорт, дене шынықтыру және АӘД өңірлік оқу-әдістемелік орталығының директоры:
– 355 нысанның 1-ші топқа жататыны 176. 2-ші топқа 89 және 3-шіге 98 білім мекемесі кіреді. Яғни, бірінші топта құр камералар мен дабыл қағыш болу керек. Екінші топтағылар камералар мен дабыл қаққыш, сонымен қатар, дабыл түймелері мен ЖБО-ға қосылу керек. 3-ші топта барлығы болу қажет. 3-ші топқа қала мектептері мен аудандардың 7 нысаны кіреді.
Биыл өңірдегі мектептерді күзет агенттігінің қызметімен қамту үшін облыстық бюджеттен 677,2 млн теңге қаржы бөлінген.
Гульден Симбаева