МТРА жаңалықтары

Тайынша ауданында көлік жылқыға соғылды

Қаңғырып жүрген мал жолда кездессе қауіпке айналады.
Тайынша ауданында “Көкшетау-Омбы” тасжолында “Mitsubishi” көлігі жылқыға соғылған. Жылқы шашпадан шығып кетсе керек. Абырой болғанда, жол-көлік оқиғасында ешкім зардап шеккен жоқ. Жануар да аман. Машинаға механикалық зақым келді.
Жануардың иесі – 31 жастағы жергілікті тұрғын ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, автокөлік иесіне келтірілген залалды өтепті. Жалпы, жыл басынан бері Тайынша ауданында осы аталған бап бойынша бір қыркүйек айында 40-тан астам хаттама толтырылған. Ал облыста биыл малы қаңғырып жүргені үшін 2 жарым мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылыпты.