Полиция қызметкерлері облыс жолдарында жол жүру ережесінің қайсысы жиі бұзылатындығын анықтады. Айтуларынша, жүргізушілердің көбі көлік жылдамдығын шектен тыс асырады. Үш күннің ішінде осындай 201 факті тіркелген. Одан кейін қауіпсіздік белдігін тақпау, рөлде отырып телефонмен сөйлесу фактілері де аз емес.
Тәртіп сақшылары осы аталған себептер өрескел қателік болып саналады дейді. Сондай-ақ, үш күн ішінде масаң күйдегі 28 жүргізуші ұсталып, жол ережесін бұзған 300-ден астам жаяу жүргінші жауапқа тартылыпты.