Қазақстан жаңалықтары

Сенатта “мүгедектігі  бар адамдардың өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары” тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев дөңгелек үстелге қатысушыларды құттықтай отырып, мүгедек азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті.

“Сенатта Инклюзия жөніндегі кеңес құру Қазақстанда толыққанды Инклюзивті ортаны қалыптастыруға жәрдемдесуге бағытталған. Кеңес қызметі шеңберінде сапалы, тиімді заңнамалық ұсыныстар әзірленетініне сенімдімін. Мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз ортаны қалыптастыру және оларды әлеуметтік қорғау мемлекеттің басым міндеті болып табылады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша  Әлеуметтік кодекс, “Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға” Факультативтік хаттама ратификацияланды, 2025 жылға дейін мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспар іске асырылуда. Мүгедектік мәселелерін шешудің қайырымдылық және медициналық тәсілдерінің парадигмасынан бас тарту маңызды. Мүгедек адамдардың құқықтарын қорғаудың тиімді жүйесін құру маңызды. Мұның бәрі мүгедек азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартады”, – деді спикер өз сөзінде.