Қазақстан жаңалықтары

Президент Әкімшілігінің басшысы Олжас Бектенов Президент Жолдауындағы тапсырмалардың орындалу барысы туралы кеңес өткізді

Кеңеске Президенттің көмекшілері мен кеңесшілері және Үкімет басшылығы қатысты. Бектенов Жолдауда ел экономикасын сапалы қайта құруға, экономикалық серпіліс үшін жағдай жасауға бағытталған жүзден астам нақты тапсырмалар бар екенін атап өтті.

“Орталық және жергілікті атқарушы органдар ел Президентінің тапсырмасын орындау бойынша барынша жедел шаралар қабылдауы қажет. Азаматтар мен бизнес жақын арада Жолдауды іске асырудың практикалық әсерін сезінуі тиіс”, – деп атап өтті Олжас Бектенов.