Осы жылдың тамыз айында ЖЭО-дағы жаңа мұржа осінен ауытқыған болатын. Осыған байланысты облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Севказэнерго» АҚ-ға барып, ең алдымен құрылыс алаңында болды. Бүгінгі күні мұржаны демонтаждау жұмыстары жалғасуда. Жұмыстар 15-ші қарашаға дейін жалғасады деп жоспарланған.
АНАТОЛИЙ КАЗАНОВСКИЙ, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры:
– Биыл жоспардан тыс техникалық байқау жүргіздік. Ешқандай проблема жоқ деген қорытынды алдық. Үшінші мұржаға жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Техникалық рұқсат алып, жылыту маусымына дайынбыз.
Ғауез Нұрмұхамбетов кейін диспетчерлік пунктің жұмысымен танысты. Аймақ басшысына кәсіпорын өкілдері атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Биыл «Севказэнерго» АҚ барлығы – 11,5 млрд теңгені игеруді жоспарлап отыр. Қазандық және турбиналық қондырғыларға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.
АНАТОЛИЙ КАЗАНОВСКИЙ, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры:
– 1-ші қазаннан бастап жылыту маусымына 10 қазандықпен кірісеміз. Өткен жылы №2 түтін мұржасы жөнделді. Биыл үшінші түтін құбыры жөнделді.
Облыс әкімі жаңа мұржаның құрылысы басты назарда болуы керек екенін атап өтті. Аймақ басшысы компания тұтынушыларға барынша толық ақпаратты уақытылы беріп отыруға міндетті екенін де айтты.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Барлық проблемаларды инженерлік қызмет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, энергетика басқармасының мамандары қадағалауы қажет. Бір-біріңізбен тығыз жұмыс істеңіздер. Құбырларға қатысты мәліметтерді жазып, мамандардан кеңес сұрап отырыңыздар.
Жедел кеңес барысында Ғауез Нұрмұхамбетов кадр тапшылығы мәселесін де көтерді. Кәсіпорын басшылары мамандардың жұмыстан кетуін тоқтатып, олар үшін бар жағдай жасалуы керек екенін де атап өтті.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Бүгінде үш ірі кәсіпорынға 500-ден астам жұмысшы жетіспейді. Жұмыс күшін жоғалтпау үшін қызметкерлерді қолдаудың қандай да бір әлеуметтік пакеттері немесе басқа шаралары жасалуы керек.
Өңір жетекшісі Петропавлдағы жылу магистралі құрылысының барысымен де танысты. Қазіргі уақытта 1,9 шақырым жылу желілерінде демонтаждау жұмыстары жүргізілген. Биыл 1,2 шақырым жылу құбырын орнату жоспарлануда.
ЕВГЕНИЙ КАРАБЕЛЬНИКОВ, «ТЕПЛОСПЕЦСТРОЙ» ЖШС атқарушы директоры:
– Бұл – Семашко және Назарбаев көшелерінің қиылысы. Ол Қизатов көшесінен Боркидағы сорғы станциясына дейін жетеді. Біз жоспарланған уақыттан алда келеміз. Жылыту маусымына дайындықты пысықтадық. Сынақтан өтті.
Облыс әкімі жауапты басқармаларға демонтаждау жұмыстарын қадағалауды тапсырды.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Нысанды сенімгерлік басқаруға алатын ұйым жобаны бақылап, жұмыс барысын қадағалап жүргені жақсы. Мен барлық жерде, барлық учаскелерде мердігерлердің жұмысын қадағалау керек екенін айтып жүрмін.
Кездесу соңында облыс әкімі барлық мәселені өзінің қатаң бақылауына алатынын тілге тиек етті.