Қазақстан жаңалықтары

Мәжіліс депутаттары “Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздік саласындағы кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын мақұлдады

Заң жобасы дербес деректерді қорғауды күшейтуге бағытталған және үш негізгі блокты қамтиды.

Бірінші блок инциденттерге неғұрлым тиімді ден қою мақсатында дербес деректердің айналымы мен сақталуын мемлекеттік бақылауды көздейді. Екінші блок ақпараттық жүйелердің осалдығын анықтауға мамандарды тарту мақсатында “Ақ хакерлер” мен Қазақстандағы баг баунти платформасының аналогының жұмысын реттейді. Үшінші блок мемлекеттік ақпараттық объектілерге қызмет көрсету үшін мемлекеттік ақпараттық қауіпсіздік орталығын құруды, сондай-ақ электрондық үкіметтің бағдарламалық жасақтамасының бастапқы кодтарының репозиторийін қамтиды.