Көлік салығын төлемеген 2400 петропавлдықтың қарызы 198 млн теңгені құрап отыр. Қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары полиция қызметкерлерімен бірлесіп рейд ұйымдастырды. Яғни, рейдттік шара “Қорғау” жүйесінің көмегімен атқарылады. Аппарат жүргізушінің қарызы бар ма, болса қанша екенін анықтауға мүмкіндік береді. Анықталған жағдайда айыпты азаматтың темір тұлпары айып тұрағына қойылады.
АНАСТАСИЯ ДОЛГУШИНА, Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы:
– Тұрғындардың салығы 1 айлық есептік көрсеткіштен көп болмауы керек. Жүргізуші өзінің қанша берешегі барын е-Salyq Azamat-тан біле алады. Сондай-ақ, қарызын да сол мобильдік қосымша арқылы төлеуіне болады. Қандай да бір сұрақ туындаған жағдайда Кәрім Сүтішев көшесі, 56 А мекенжайындағы кеңсеге келіп немесе 46-60-75 нөміріне қоңырау шалып жауап алуға болады.
Гульден Симбаева