Құқық қорғау органдары

СҚО-да мал ұрлығымен айналысқан жетеу ұсталды

Есіл ауданында жабылып жүріп мал ұрлаған жетеуге қатысты тергеу жүріп жатыр.
18 бен 22 жас аралығындағы жігіттер Есіл, Мамлют пен Шал ақын ауданы тұрғындарының қорада тұрған қойларын ұрлаған. Кемі 6 қойдан әкетіп отырған. Жымқырғыш жетеу осы тамыз айында ұсталды. Ұрланған малдың еті облыс орталығында сатылғаны анықталды. Бір қызығы, қойлардың иесі полицияға жүгінбепті. Өйткені, малдары қорадан өздері шығып кеткен деп ойлаған. Барлығы – 31 жануар ұрланған. Күдіктілер қамауда. Тергеу ҚК 188-1-бабының 3-бөлігі «Мал ұрлау» бойынша жүріп жатыр.

 

Данаш Хамзина