Қоғам

Үйінде жиі жандал шығаратын ер адамға әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды

Петропавлда сот жанжалқой мен оның әйелін татуластырудан бас тартты. Мұның себебі – заңнамаға енгізілген өзгерістер. Сәуір айында қала тұрғыны полицияға хабарласып, үйде жанжал шығарған күйеуінен қорғауды сұраған. Сот отырысында әйелі 31 жастағы күйеуінің түзелемін деген уәдесіне сеніп, татуласқан. Шілде айында осы отбасыдан полицияға кезекті шақырту түскен. Ер адам масаң күйінде үйінде тағы да жанжал шығарған. Әйелі бұл жолы да татуластыруды сұрапты. Биыл шілдеден бастап күшіне енген жаңа заңнамалық нормаларға сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша жылына бір рет қана татуласуға болады. Сот ер адамға жасаған әр отбасылық жанжалы үшін 5 тәуліктен әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады. Жалпы, облыста биылғы бірінші жартыжылдықта отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты 800-ден астам хаттама толтырылған.