Жамбыл көшесіндегі аялдаманың әйнегін сындырған 8-ші сынып оқушысы болып шықты. Әрі түнде, әрі тыныш жүрмейтін мектеп оқушысы шыныдан жасалған дүниенің жанынан жай өтпей, теуіп өткен. Оның өрескел әрекеті камераға түсіп қалыпты. Айтуынша, досы екеуі келіспей қалып, ашуын аялдаман алған. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 435-бабы – «Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық» бойынша материал жиналды. Баптың санкциясына сәйкес 7 АЕК көлемінде айыппұл салу қарастырылған. Бұдан бөлек, сот кәмелетке толмаған баланың ата-анасын келтірілген шығынды өтеуге міндеттеуі мүмкін. Сондай-ақ, олар балаларының түнде көшеде жүргені үшін де жауапкершілікке тартылды.