СҚО әкімдігіАптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі құрылыс алаңдарын аралады

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыс орталығындағы құрылыс алаңдарын аралады. Өңір жетекшісі бірінші «Жас өркен» ықшам ауданына барды. Мұнда Порфирьев көшесіндегі жаңа үйлердің жанындағы аумақ абаттандырылып жатыр.

СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, қала әкімі:

– Асфальттің астыңғы қабатын төседік. Біраздан кейін екіншісін төсейміз. Осындай абаттандыру жұмысын Порфирьев көшесімен бірге Крылов көшесінде де жүргізу жоспарланған. Маңайды саз-балшық баспас үшін асфальттің бірінші қабатын салып қоюмыз қажет. Үйлерге келетін болсақ, тұрғындар қоныстандырылған. Ал мына үй әлі бос. Бұл жерге әзірге жарық тартылмаған.

Қала әкімінің айтуынша 144 пәтерлі баспанаға жарық осы аптада тартылады.
Үйдегі пәтерлер бөлініп қойған. Баспананың қолданысқа тапсыру сәтінің кешеуілдеуі мердігер “Мөлдір” серіктестігінің инженерлік желілерді дұрыс жүргізбеуіне байланысты туындап отыр.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Сейчас нужно смотреть качество, чтобы они качественно все работы завершили.

Осы жерде «Құрылыс Сервис СК» серіктестігі көпқабатты үй салып жатыр.
Баспана желтоқсан айында тапсырылуы тиіс. Облыс әкімі мердігерден құрылыс қарқынын сұрады.

БЕКСҰЛТАН ЖҮНІСОВ, «Құрылыс Сервис СК» ЖШС директорының орынбасары:

– На сегодняшний день 12 каменьщиков работает, идет по сроку, три этажа осталось. Ориентировочно через месяц должны коробку полностью закончить. Параллельно внутренние ведем работы.

ВИКТОР ЕРОШЕНКО, «Есиль-Строй-Экспертиза» ЖШС сарапшысы:

– Качество удовлетворительное, все согласно проекта.

Аталған ықшам ауданда “Альфа-Север” серіктестігі 250 орындық емхана салып жатыр. Құрылысы 2021-де басталған нысан өткен жылы тапсырылуы керек болатын. Бірақ, мердігер тиісті материалдың кешіктірілуіне байланысты емхана сыртын уақытында қаптай алмады. Нысан қыркүйектің 30-ында қолданыста беріледі деп жоспарланып отыр.

ҚҰМАР КҮСЕМІСОВ, СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Бұл емханаға 25 мыңға жуық адамды тіркеуді көздеп отырмыз. Бұл өзге емдеу мекемелеріндегі кезек санын азайтуға ықпал етеді. Қалада 3 мемлекеттік емхана бар. Оның әрқайсысы 70 мың жуық адамға қызмет көрсетеді.

Бұдан кейін Ғауез Нұрмұхамбетов Горький көшесіндегі үйлердің құрылысымен танысты.

ЗУЛЬФИЯ ХАЛИТОВА, «Единство» ЖШС директорының орынбасары:

– 202 пәтерлі үй дайын. Сыпырып, жуу жұмыстары ғана қалды. 101 пәтерлі бірсекциялық үйге қатысты айтар болсақ, мұнда әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Жұмысшы саны – 60. Бұл үйді қазанда тапсырамыз. Мына 101 пәтерлік үйде әрлеу жұмыстарымен 40 адам айналысып жатыр. Бұны да қазан айында өткізуді көздеп отырмыз. 202 пәтерлі үйге тиісті желілерді тартуға кірісіп кеттік.

Аталған үй желтоқсанның 25-інде тапсырылады.
Жақын жерде, яғни Горький көшесінде абаттандыру жұмысы жүріп жатыр.

ВИГЕН МЕЛКОНЯН, «Новинтех» ЖШС учаске бастығы:

– Покупаем асфальт и делаем. Два дня подготовим и проезд обеспечим до конца дороги.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– В один год, когда инженерные коммуникации сделали, провели водопровод, канализацию и сразу ложим асфальт. А это не совсем хорошо. Поэтому сегодня правильное решение город принял, уложить только нижний слой полотна. Чтобы на следующий год уже с учетом шероховатостей, где-то оно провалится, будет движение грунта. Потом уже все это можно будет подправить.

Бұдан кейін өңір жетекшісі Жұмабаев көшесін жаңарту жұмыстарымен танысты.
Бұл жерде асфальт төсеу ісі қазан айында аяқталады.

СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, қала әкімі:
Окончательный слой положили асфальта. В этом году должны закончить дорогу, сделать все съезды.

БЕКСҰЛТАН ЖҮНІСОВ, «Құрылыс Сервис СК» ЖШС директорының орынбасары:

– Параллельно ведем работы по бордюрам, тротуарным дорожкам. Порядка 70% мы уже сделали.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Каждые 10 дней будем ездить, поэтому я на этом же участке еще буду.

Чкалов пен Мүсірепов көшелерінің аралығына «Благоустройство-Север» серіктестігі орташа жөндеу жүргізіп жатыр.

БОЛАТ БУХАНОВ, «Благоустройство-Север» ЖШС директоры:

– Бұрғылау жұмыстары жүріп жатыр, сыртқы байланыс желілерін тартудамыз. Құдықтар мен кәріз, жарықшамдар ауыстырылды.

Облыс әкімі осы маңда 126 пәтерлі 2 үйдің құрылысымен танысты.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Инженерные коммуникации сделали, горячую воду подвели, электричество тоже.

СЕРІК БҰТҰРҒАНОВ, «Энерджи-Тараз» ЖШС бас инженері:

– По инженерным сетям все завершено, МАФы установили. Только у нас остался второй слой асфальта.

Мына көпқабатты үйге қазан айында жеделсаты орнатылады. Қарашада
пәтер иелері қоныс тойын тойлай алады. Осы үйдің жанынан тағы бір көпқабатты баспана салынып жатыр. 90 пәтерлі нысан халық игілігіне желтоқсанда тапсырылады.

СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, қала әкімі:

– Здесь еще не до конца снесли дома, чтобы освободить пространство для благоустройства.

Мещан орманында да абаттандыру жұмысы қызу жүріп жатыр. Осы мақсатта 3 гектардан астам жер бөлінген.

МӘЛІК ИСИН, «Мирас Group» ЖШС басшысы:

Мұнда шағын футбол алаңы, жаттығу құралдарына арналған жер және BMX-алаңқайы болады. Сондай-ақ, волейбол және баскетбол алаңдары, теннис корты мен балалар алаңқайлары салынады.

Спорттық алаңдарға қоса ашық амфитеатр да орнатылады. «Орман» ықшам ауданында «ASTI» серіктестігі “Жайлы мектеп” жобасы аясында 600 оқушыға арналған білім ұясын салып жатыр.

ЖАҚСЫБЕК СӘРСЕНОВ, «ASTI» ЖШС учаске бастығы:

– Мы приступили в августе. Ограждение мы ставили, видео-наблюдение и освещение будет. Если геологию нам сделают, мы будем рыть котлован. Пойдет полноценное строительство. Наша компания в Астане занимается строительством школ.

Бұдан кейін облыс әкімі “Береке” ықшам ауданындағы 100 пәтерлі 6 үйдің жанын абаттандыру барысын байқады. Жалдамалы баспананың тапсырылуы созылып кетті.
Инженерлік желі тарту жұмыстары аяқталып қалыпты, асфальт төсеу ісі бір ай көлемінде аяқталады.

– Надо сделать, сможете? -Да. Осилите? -Да.1:18 До первого ноября надо закончить.

«Береке» ықшам ауданында салынып жатқан мешіт маңындағы саябақ та абаттандырылып жатыр. Кеспетасы төселген. Тынығу орнына терек, емен мен қылқан жапырақты ағаштар егіледі.

 

Гульден Симбаева