Қыркүйектің 25-сінен бастап қаладағы қоғамдық көліктерде жол жүру ақысы қымбаттайды. Енді тұрғындар картамен 100 теңге төлесе, қолма-қол есеп айырысатын жолаушылар 170 теңге төлеуі тиіс. Ал оқушылар картамен – 50, ақшалай 80 теңге береді. Жалпы, күнделікті қалада 18 бағыт бойынша 185 автобус қатынайды. Қоғамдық көліктер күніне орта есеппен 75 мыңға жуық жолаушы тасымалдайды. Сондай-ақ, қалада 3 ай бойы болмаған оқушылар картасы жеткізілді.
ГАЛИНА СЕМЁНОВА, “СҚО Автокөлік одағы” қауымдастығының төрағасы:
– Облыс орталығында жол ақысы соңғы рет 2017 жылы өзгерді. Қазір дизель қымбаттады, жұмысшылардың жалақысы өсті. Соған байланысты жаңа тариф бекітілді. Өзге өңірлердің жолақысы қаңтар айында өзгерген болатын.
Гульден Симбаева