Облыс орталығында жылу беріле бастады. Бірінші кезекте жылумен білім беру және денсаулық сақтау мекемелері қамтылып жатыр. Бұл туралы «Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді. Қазірдің өзінде жылу 32 балабақша, 10 мектеп пен 4 аурухана жетті. Сондай-ақ, 76 жеке үйде де температура жоғарылады. “Петропавл Жылу Желілері” серіктестігінің алдын ала дайындық актісін алған нысандар ғана ертерек жылу жүйесіне қосыла алады.
Алдияр Айтпаев