Қоғам

Министрлер мен әкімдер қазақ тілін білуге міндеттелуі мүмкін

Қазақстанда жоғары лауазымды қызметкерлер қазақ тілін білуге міндеттелеуі мүмкін.
Қылым және жоғары білім министрлігі тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешовтың айтуынша елде тіл саясатын дамытудың тұжырымдамасы әзірленіп жатыр.

ЕРБОЛ ТІЛЕШОВ, ҚР ҒЖБМ Тіл саясаты комитетінің төрағасы:

– Осы немесе келесі айда Үкімет “Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын” бекітеді. Онда жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік тілді білуді міндеттеу енгізіледі. Алғашында барлық мемлекеттік қызметкерге міндеттеуді енгізіп көрдік, бірақ түрлі қарсылықтар болды. Талқылау барысында министр, министр орынбасары, әкім, әкім орынбасары секілді тек жоғары лауазымды тұлғаларға мемлекеттік тіл білу міндеттелді.

Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы облыстық филиалының төрағасы Жанат Мұхамеджановтың айтуынша мемлекеттік тілді білмейтін депутаттар да қазақ тілін білуге міндеттелуі тиіс.

ЖАНАТ МҰХАМЕДЖАНОВ, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы СҚОФ төрағасы:

– Менің ойымша, халық болып сайлайтын халық қалаулылары депутаттарға да мемлекеттік тілді білуі міндеттелуі керек. Себебі, халықтың атынан сөйлегеннен кейін олардың да қазақ тілін білуі тиіс. Әрбір мекеменің қызметкерлері де қазақ тілін білуі керек. Мемлекеттің қаржысына күн көріп отырған, жалақы алып отырған адамдарға да мемлекеттік тілді білу – парыз. Тілдік бойынша біздің елде қысым жоқ. Әркім өз тілінде сөйлеуге құқылы. Кейбіреулері тілге деген құлшынысы жоқ. Үйренгісі келмейді.

Жаңа тұжырымдамада мемлекеттік тілде іс-қағаз жүргізу, мемлекеттік тілде заң қабылдау, аударма сапасы мәселелері қарастырылған. Тіл жанашыры Жанат Мұхамеджанов тәуелсіздік алғанымызға 30 жылдан асса да бұс іс ақсап келеді.

ЖАНАТ МҰХАМЕДЖАНОВ, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы СҚОФ төрағасы:

– Іс-қағаздар мемлекеттік тілде жүргізілу керек. Өкінішке қарай, қазіргі уақытта орысша жазылып, қазақша аударылады. Мағжан Жұмабаевтың бір жақсы сөзі бар “Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тіл” деген. Яғни, біз алдағы уақытта елімізді, жерімізді мәңгілік қыламыз десек қазақ тілін білу – парыз. Жеке меншік, кіші кәсіпорындарда аударма әлеуметтік желі арқылы аударылып, өрескел қателіктер бұзылып жатады.

“Қазақ тілі” қоғамына облыста мыңға жуық адам мүшелік етеді. Ұйым өкілдері қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту мақсатында нәтижелі жұмыс атқарып жатыр.
Тіл жанашырлары қазір аудандарда “Тіл керуені” жобасын ұйымдастырып жатыр. Мақсат – мемлекеттік тілге қатысты құқықтық актілерді түсіндіру.

 

Гульден Симбаева