Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда үлестік құрылысқа қатысу процесі жетілдіріледі

Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР ЖПҚ қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық саясат департаментінің директоры Руслан Лепесов мәлімдеді.

“Бүгінде бізде заң жобасы Мәжілістегі үлестік құрылысқа қатысу процесін жетілдіру бөлігінде тұр. Біз осы Заң жобасы шеңберінде талап ету құқығын тіркеу арқылы үлестік қатысу шарттарының барлығы әділет органдарында тіркеуден өтуі бөлігінде неғұрлым қатаңдататын түзетулерді қосқымыз келеді. Әрі қарай, біз барлық төлемдердің қолма-қол ақшасыз, яғни адамдар есеп айырысуы үшін таза қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды қалаймыз. Сонымен қатар, үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат жоқ жерде жарнамаға тыйым салу”, – деді Руслан Лепесов журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Спикер бүгінгі таңда тұрғын үй сатып алуға кепілдік бермейтін алдын ала брондау шарттары үлкен қауіп төндіретінін айтты.