Қоғам

“Отбасы банк” пәтерлерге байқау жариялады

Баспаналы болуды армандағандарға тамаша мүмкіндік. “Отбасы банктің” өкілдері тұрғындар арсында 33 пәтерге байқау ұйымдастырып жатыр. Конкурс қыркүйектің 20-сы мен 26-сы жұлдызы аралығында өтеді. Тұрғын үй Уәлиханов көшесі 1/7 мекен-жайында орналасқан. Байқаудың өзіндік шарттары бар. Үміткер әкімдікте кез келген категория бойынша кезекте тұруы тиіс және 10 пайыздық жарнасы болуы қажет. Өтінім беру үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Жұмысты үйден шықпай-ақ, otbasybank.kz сайытында жүзеге асыруға болады. Қатысушыларды іріктеу қыркүйектің 27-сі өтеді.

НАЗЕРКЕ ҒАЛЫМ, “Отбасы банк” АҚ СҚОФ бизнесті дамыту бөлімінің маманы:

– “Жаңа концепция” бағдарламасы облыс бойынша бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Ерекшелігі, қосымша пәтерлер болғаннан кейін тұрғын қай пәтерге қатысады, сол пәтерді таңдау керек. Барлық ақпарат сайтта болады. Мысалы, 15-ші пәтерге неше өтінім түскенін сол сайттан қарауға болады және қай пәтерге өтінім аз түскенін де көруге болады. Пәтердің шаршы метрі – 180 мың теңге.

Мамандардың айтуынша үй толығымен дайын. Тек балаларға арналған алаңқай қалған. Жұмысшылар қазір соны орнатып жатыр.

НАЗЕРКЕ ҒАЛЫМ, “Отбасы банк” АҚ СҚОФ бизнесті дамыту бөлімінің маманы:

– Айта кететінім, Уәлиханов 1/7 мекенжайы бойынша орналасқан үйде – 33 пәтер. Негізі, 126 пәтерлі үй болған. Қалғаны “Бақытты отбасы” бағдарламасы бойынша үйлестірілді. Былтыр “Бақытты отбасы” бойынша берілген өтінімдердің барлығы қабылданған болатын. Мысалы, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылардың барлығы пәтер алды.

Алдағы уақытта “Жаңа концепция” бойынша М.Жұмабаев көшесі, 262 мекенжайында орналасқан үйге байқау жарияланады. Мамандар ол үйдің толыққанды дайын болғанын күтіп отыр.

 

Гульден Симбаева