Қазақстанда бұған дейін көлік алу үшін 4 процентпен жеңілдетілген автонесие берілген болатын. Енді бұл жеңілдетілген несие берілмейді. Жиналған қаражат қоғамдық көлік алуға жұмсалады. Қоғамда қызу талқыланған мәселеге нүкте қойылды. Бұл туралы aikyn.kz хабарлады. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың айтуынша, қоғамдық көлікті жақсарту, көбейту бағытында тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр.
ҚАНАТ ШАРЛАПАЕВ, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:
– Біздің ендігі ұстаным – қоғамдық көліктерге басымдық беру. Себебі, жеке көлік емес, қоғамдық көлікке сұраныс жоғары. Оны пайдаланушылар да көп. Сондықтан, біз бірінші орында қала тұрғындарын қоғамдық көліктермен қамтамасыз етуді көздеп отырмыз.
Гульден Симбаева