Қоғам

Ата-ана қарауынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау

Өңірде ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 4 мекеме жұмыс істеп тұр. Олар Айыртау, М.Жұмабаев, Қызылжар аудандары мен Петропавл қаласында орналасқан. Облыс орталығында интернаттық мекемелер мен уәкілетті органдар арасында кездесу өтті. Жиында өрт қауіпсіздігі, санитарлық-эпидемиологиялық, медициналық және фармацевтикалық бақылау саласындағы заңнама талаптарының сақталуы және өзге де проблемалық сұрақтар талқыланды. Кеңес қорытындысы бойынша нысандардағы жағдайды жақсарту қажеттігі туралы айтылды. Сондай-ақ, интернаттық мекемелерді қаржыландыруды 2,5 пайызға ұлғайту туралы шешім қабылданды. Бұл мәселе ерекше бақылауда болады. Анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде жол картасы әзірленеді.

 

Гульден Симбаева