Экология

Солтүстікқазақстандық полицейлер сенбілікке қатысты

Дүниежүзілік сенбіліктен тәртіп сақшылары да шет қалмады. Айналаны тазартуға облыстық және қалалық аппарат қызметкерлері шықты. Барлығы – 50-ге жуық полицей өзге сала мамандарымен бірге Астана көшесін қураған жапырақ пен қоқыстан тазартты. Тәртіп сақшыларының қатысуымен өткен тазалық шарасы аудандарда да ұйымдастырылды. Оған кезекшілікке жұмылдырылмаған 1500-ден астам қызметкер мен 20 техника тартылған.