Ауыл шаруашылығы

СҚО-да дәнді және дәнді бұршақты дақылдардың 53% жиналды

Жұмалап жауған жаңбырдан кейін Солтүстік Қазақстан облысында орақ науқаны қайта қарқын алды. Биыл өңірде 3,2 млн гектарға дәнді және дәнді бұршақты дақылдар егілді. Бүгінгі таңда жалпы аумақтың 1,8 млн гектарындағы немесе 53 пайызындағы өнім жиналған. Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы ұсынған дерекке сүйенсек, 1,9 млн тонна “сары алтын” қамбаға жеткізілген. Орташа шығымдылық 10,5 центнерді құрайды. Сала өкілдерінің алдында астықты кептіру міндеті де тұр. Бұл бағытта өлкемізде 317 кептіргіш кешен іске қосылған. Қоса кетейік, биыл облыстағы жалпы егістік жер аумағы 4,5 млн гектарды құрайды.

 

Байболат Култанов