МТРА жаңалықтары

Өңір жастары “Киелі табиғат” республикалық экоакциясына қатысты

Өңір жастары “Киелі табиғат” республикалық экологиялық акциясына қатысты. Аталған іс-шара жергілікті ресурстық орталық пен “Қоғамдық келісім” ұйымының ұйымдастыруымен өткізілді. Еріктілер “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінің маңайын сыпырып, гүлзарларды қураған өсімдіктен тазартты.

АНАСТАСИЯ ВОЛКОВА, СҚО еріктілер фронт-офисінің төрағасы:

– Аталған шара әр өңірдегі қасиетті нысандарды тазартуға арналған. Бүгінігі шараға жастар ресурстық орталығының еріктілері барынша ат салысып жатыр. Жасылелдіктер де бар. Тіпті, колледж студенттері де жұмылдырылған. Барлығы – 300-ге жуық адам қатысуда. Оның бір бөлігі осында келсе, қалғаны Айыртау ауданындағы Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешенінде еңбектеніп жатыр.

 

Ақжүніс Мұқатай