МТРА жаңалықтары

Петропавл су торабының қоршауына “КАМАЗ” көлігі соғылды

Аппаттық деп танылған көпірде болған апат бүгін сағат 11-лер шамасында тіркелді. Петропавл су торабы арқылы өтіп бара жатқан “КАМАЗ” жүк көлігі өткелдің қоршауына барып соғылды. Құрылыс материалдары тиелген дәу машинада отырған 24 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай қалыпты. Өзі дін аман. Абырой болғанда, бұл жайттан ешкім зардап шеккен жоқ. Аталған факті бойынша хаттама толтырылды.

 

Алдияр Айтпаев