Балалар

Тәртіп сақшылары оқушыларға жол жүру ережелерін түсіндірді

Жергілікті полиция қызметі басқармасы қызметкерлерінің оқушылармен кезекті кездесуі №8 орта мектебінде өтті. Патрульдік полиция батальонының
мамандары жеткіншектерге жол қозғалысын реттеушінің қимылдарын көрсетті. Сондай-ақ, балаларға жаднамалар таратып, сұрақтарына жауап берді.

Баян Байғаскина, СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:

– Күн сайын жол қозғалысы ережелерін қатаң және мұқият сақтауы бойынша, әсіресе, жолдың белгіленбеген орындарында өтпеулерін және велосипед тебу барысында жаяу жүргіншілер өтпесін өтпеуін, сонымен қатар, өту жолының жанында ойнамауын еске сақтаймыз.

«Назар аударыңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңі тамыздың 27-сінен бері өткізіліп жатыр. Полиция қызметкерлерінің, ата-аналар мен ұстаздардың міндеті – мектепке келетін балалардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету.

Әйгерім Өмірзақова, оқушы:

– Олар бізге қызыл түске жүруге болмайтындығын айтты. Ал жазыл түске біз барамыз. Велосипедпен светофорға бармау керек. Біз оған велосипедтен түсіп қана барамыз.

Полиция қызметкерлері мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің маңында 300-ге жуық тексеріс өткізген. Кемшіліктерді жою туралы 136 акті жазылған. Сондай-ақ, осы жерлерде жол ережелерін бұзуға қатысты 650-ге жуық бұзушылық анықталыпты. Оның басым бөлігі – дұрыс маневр жасамау, көлікті дұрыс қоймау және жолдың рұқсат етілмеген тұсынан өту.