Қоғам

СҚО-да электр самокат тізгіндеген 65 жүргізуші заң бұзған

2023 жылғы 29 маусымда Мемлекет басшысы “Жол қозғалысы туралы” заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша қол қойды. 30 тамыздан бастап қолданысқа енгізілген жаңашылдық шағын электр көлік құралдары мен электр скутерлерін пайдалануға қатысты болды. Құжатта бірқатар шектеу жазылған. Ол жайлы тәртіп сақшылары сан мәрте хабарлады. Бірақ, жалпыға ортақ тәртіп Солтүстік Қазақстан облысында сақталмай отыр. Небәрі 15 күннің ішінде 60-тан аса азамат заң бұзып, айыппұл арқалапты. Бұл туралы журналистермен жүздескен облыстың бас полицейі Айдын Қабдұлдинов мәлімдеді.

АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ, СҚО ПБ бастығы:

– Осы заң күшіне енгеннен бері 14 жүргізушіге 79 350 теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал 51 адамға ескерту жасалды. Адам бір күнде 2 рет жауапқа тартылмайды. Бірақ, егер келесі күні заң бұзса, жауапқа тартылады.

 

Байболат Култанов