Қоғам

Қазақстанда 545 мың көпбалалы отбасы жәрдемақы алды

Қазақстанда жыл басынан бері 545 мың көпбалалы отбасыға 273 млрд теңге көлемінде жәрдемақы төленген. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Қоса кетейік, 2023 жылдан бастап әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 8 жарым пайызға артты. Мұндай көмекті алуға кәмелетке толмаған 4 баласы және одан да көп немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студенті бар жанұялар өтініш бере алады.

 

Аснурия Абдула