Ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан ер адам ұсталарына дейін әжептәуір көлемде оқ-дәрі жасырып кеткен. Петропавлдық полицейлер саяжай учаскелерінің бірінің маңынан қапқа салынған оқ-дәрі толы 5 литрлік бөтелке тапты. Оның ішінен иір ұңғылы қаруға арналған 5,45 мм-лік калибрлі 659 патрон шықты. Табылған дүниенің атуға жарамды екені анықталды. Бұл факті ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.