Мандат

“Мандат” бағдарламасының кезекті қонағы – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Анас Баққожаев

“Ауыл” ХДПП фракциясының жетекшісі өңірімізге жұмыс сапарымен келіп кетті. Ондағы мақсаты – облыстағы су шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстармен, сондай-ақ, өзекті проблемалармен танысу. Жиналған ұсыныстарды депутат алдағы сессияда ортаға тастамақ. Соңғы жылдары аграрийлерді қуаңшылық қысып, астықтың өнімділігі жоғарыламауда. “Бұл мәселені шешудің бірден-бір жолы – суармалы жүйені дамыту”,- дейді азамат. Айта кетейік, қазіргі таңда бұл технология өңіріміздегі 4 мың гектар жерде қолданылуда.

АНАС БАҚҚОЖАЕВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, “Ауыл” ХДПП фракциясының жетекшісі:

– Бізде әжептәуір су көздері бар. Оның карталарын халық біле қоймайды. Ол -сонау 80-ші жылдары геологиялық зерттеулер негізінде жасалған карта. Оны жаңарту қажет. Бірақ, өз ойым – бұл карта әлі өз өзектілігін жоғалтпады. Қазір көп адам “Мұны мемлекет құпия ұстамауы қажет, шаруалар өз жерлерінің астындағы қандай су көздері барын білулері керек”,- дейді. Сол арқылы егіншілікке пайдаланатын су көздерін ашу керек”,- деуде. Мұнымен мен де келісемін. Осы мәселені алдағы уақытта қозғаймын.