МТРА жаңалықтары

Қазақстанда көлік салығы жойылуы мүмкін

“Жанар-жағармай бағасының айтарлықтай өсуімен (мысалы, 2 есе) азаматтардың көлік құралдарын иеленуге және пайдалануға арналған шығыстары тиісінше өседі. Мұндай өсу әсіресе “эконом” класты көлікке ие адамдар үшін сезімтал болады, сәйкесінше олардың әлеуметтік жағдайының нашарлауына жол бермеу шаралары қажет”,- делінген Ұлттық экономика министрлігінің ұсынымында жаңа Салық кодексінің консультативтік құжатында.

Осыған байланысты қозғалтқыш көлемі жоғары автомобильдер бойынша салықты сақтай отырып, осы көлік құралдарына салынатын салықты жою ұсынылады. Бұл шараларды 2024 жылдың қазан айында жаңа Салық кодексін қабылдау кезінде ескеру жоспарлануда.