Құқық қорғау органдары

Есірткіге елтіген жүргізуші ұсталды

Есірткіге елтіген жүргізуші ұсталды! Жақында Айыртау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 29 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы “Нива” автокөлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде рөлдегі адамның іс-қимылы күмәнді көрініпті. Мамандар оны медициналық куәландыруға апарады. Нәтижесінде тепсе темір үзер жігіттің есірткі қабылдағаны анықталған. Енді заңның ала жібін аттаған жерлесіміз 15 тәулікке қамауға алынып, көлік басқару құқығынан 7 жылға айырылмақ. Айта кетейік, аталған факті “Мас жүргізуші” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында әшкереленді. Жалпы, акция өткен 6 күнде облыс жолдарында масаң күйде темір тұлпар тізгіндеген 31 тұлға құрықталған.

 

Байболат Култанов