Қоғам

Новокаменка ауылында 4 шақырым жол жөнделіп жатыр

Тұрғындар үшін қуанышты жаңалық. Енді Новокаменка аулында 4 шақырымдық жаңа асфальт пайда болады. Бұс іспен Ақмола облысынан келген мердігер айналысуда.

ЛИЛИЯ РУСИНА, Архангельск ауылдық округінің әкімі, Қызылжар ауданы:

– Асфаль Кеңес заманынан бері ауыстырылған жоқ. Биыл жол жөндеуге 123 млн теңге бөлінді.

Новокаменкада 1 мың адам тұрады. Тұрғындардың көпшілігі облыс орталығына қатынап жұмыс істейді. Күнделікті осы жолмен жүреді. Сондықтан, жөндеу жұмысының аяқталғанын асыға күтуде.

СӘУЛЕ СӘДЕНОВА, ауыл тұрғыны, Қызылжар ауданы:

– Әрине, бұған дейін жолға қатысты мәселелер болды. Ауыл тұрғыны ретінде жол жөндеу жұмысының басталғанына қуанып отырмын. Мұны көптен күттік.

Ауылда жолдан бөлек, жарық мәселесі де шешілмек. Жаңа 60 жарықшам пайда болады. Сонымен қатар, ауданда Архангелка елді мекенінде де асфальт ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

 

Аснурия Абдула