Құқық қорғау органдары

Екі күнде 10 мас жүргізуші ұсталды

Екі күннің ішінде облыс жолдарында 10 мас жүргізуші анықталды. Полицейлер Ғ.Мүсірепов ауданында “Урал” мотоциклін тізгіндеген 48 жастағы ер адамды тоқтатқан. Жергілікті тұрғынның жүргізуші куәлігі жоқ әрі ішімдік ішкені анықталды. Ол 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Жалпы, қыркүйектің 5-інен басталған арнайы профилактикалық іс-шара барысында облыста 700-ден астам құқық бұзушылық тіркелді. Оның 65-і жылдамдықты асыру болса, 14-і – жүргіншілерге жол бермеу. Өкінішке қарай, жыл басынан бері облыс жолдарында мас жүргізушілердің кесірінен 15 жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан 4 адам қаза тауып, 23 адам жарақат алды.

 

Гульден Симбаева