Қоғам

Қыркүйекте ауа райы қандай болады?

Күз мезгілі жауын-шашынмен басталды. «Қазгидромет» өкілдерінің айтуынша қыркүйек айында ауа райы тұрақсыз болады. Ауа температурасы жиі құбылып, жаңбыр жауады. Бірінші онкүндіктің ортасында күн жылынады. Яғни, ауа райы түнде 3-8 градус жылы болса, күндіз +13-18-ге дейін көтеріледі.

ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, «Қазгидромет» РММ СҚОФ бөлім басшысы:

– Үшінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде 3-8 градус жылыға, ал күндіз 13-18 градус жылыға дейін төмендейді. Содан ейін ауа температурасы түнде 8-13 градус жылыдан 3-8 градусқа дейін, ал күндіз 18-23 градус жылыдан 13-18 градус жылыға дейін ауытқиды.

 

Гульден Симбаева